Солтүстікқазақстандық спортшы бес дүркін Азия чемпионы атанды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қырғызстан астанасы Бішкекте гір көтеруден Азия біріншілігі өтті. Сарықұрлықтың үздік спортшылары қатысқан додада ел намысын солтүстікқазақстандық Эрик Әлібаев қорғады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Байрақты бәсекеде жерлесіміз ардагер-спортшылар санатында бағын сынап, үш бірдей алтын медальға қол жеткізді. Нәтижесінде Эрик Әлібаев Азия біріншілігінің бес дүркін чемпионы атанды.

– Мен Азия біріншілігінде гір тасын серіппе көтеру жаттығуында 178, жұлқа көтеруде 245 және ұзақ циклды жаттығуда 163 рет көтердім. Осылайша әр сында алтыннан алқа тағындым. Енді Ташкентте өтетін әлем чемпионатында ел құрамасы сапында өнер көрсетемін, – дейді Эрик Әлібаев.

Азия біріншілігіне 15 елдің спортшылары қатысты. Ұлттық құрама сапында 16 солтүстікқазақстандық гір көтеруші өнер көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz