1 маусым күні балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1 маусым күні 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүрмек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл жайында Петропавл қалалық әкімдігі хабарлады. Жалпы бұл күні балаларға арналған ауқымды мерекелік бағдарлама жоспарланған. Іс-шара баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 13.00-де басталады.

Мәселен, орталық алаңда «Балғын балалар — біздің болашағымыз!» атты концерттік бағдарлама, шахмат турнирі, «Summer dance» атты қала мектептерінің шығармашылық топтарының қатысуымен заманауи билердің фестивалі өтпек. Ал балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығы орталығы алдындағы алаңда балалар асфальтта сурет салудан жарысып, робототехникадан шеберлік сағатына қатыса алады.

Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті «Менің қауіпсіздігім өз қолымда» атты арнайы бағдарлама ұсынбақ. Өрт сөндірушілер балалармен түрлі викториналық ойындар ойнап, эстафета және ән байқауын ұйымдастырмақ.  Мақсат – жазғы демалыс алдында балалардың есіне өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салу.

Оқушылар сарайында «Балалар ғылым әлемінде» атты ғылыми фестиваль өтпек.

«Динамо» стадионында «Бір аспан – бір әлем» атты ұшу аппараттарының облыстық байқауы өтеді.

Тұңғыш Президент саябағында жасөспірімдер арасында шағын футболдан турнир, бард әндерінің фестивалі, спорттық эстафеталар жсопарланған.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің арт-орталығында, Жеңіс саябағында да мерекелік бағдарлама жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz