289
Петропавлда 48 жастағы әйелді көлік қағып кетті, ол қалалық ауруханаға жатқызылды, — деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Полицияға бүгін, 1 маусымда Интернационал көшесінде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар түскен.
38 жастағы ер адам «Audi 89» автокөлігімен көшені белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткені белгілі болды.
48 жастағы әйел қалалық ауруханаға жеткізілді. Жүргізушіден медициналық куәландыру өткізу үшін қан алынды.
Көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды. Жиналған материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Петропавл полиция басқармасына жолданды.