Жедел жәрдем қызметкерлері аудио, видеоқұрылғылармен қамтылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста жедел жәдем қызметкерлері өздерін қорғау үшін шақыртуға барған кезде аудио және бейне жазба жүргізеді. Пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ;едел медициналық көмек көрсету орталығы директоры Юрий Белоногтың айтуынша, бүгіннен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Жедел медициналық көмек көрсету орталығының қызметкерлері шақыртуларға аудио және бейнетіркеу құрылғыларымен барады.

— Бұл жоба әзірге пилоттық режимде жұмыс істейді. Қажетті құрылғымен 5 бригада жабдықталған. Бұл жаңашылдықты жедел жәрдем қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жедел медициналық көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында қолға алдық, — дейді Юрий Белоног.

Аудио және бейнетіркеу пациенттің немесе оның заңды өкілінің келісімімен ғана жүргізіледі. Келіспеген жағдайда-аудио және бейнетіркеу жүргізілмейді.

— Жедел жәрдем қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін оқыс оқиғалар болып, сырқаттар жанжал шығарған жағдайда бейнетіркеу міндетті түрде жүргізіледі. Ал мұндай оқиғалар біздің тәжірибеде аз емес, шақыртумен келген медицина қызметкерлеріне қол ала жүгіретіндер, қорқытатындар бар. Спирттік ішімдікке тойған «сырқаттың» «тұтқынға» да алған кездері де болды», — дейді орталық директоры.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz