Петропавлда 48 жастағы әйелді көлік қақты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Петропавлда 48 жастағы әйелді көлік қағып кетті, ол қалалық ауруханаға жатқызылды, — деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полицияға бүгін, 1 маусымда Интернационал көшесінде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар түскен.

38 жастағы ер адам  «Audi 89» автокөлігімен көшені белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткені белгілі болды.

48 жастағы әйел қалалық ауруханаға жеткізілді. Жүргізушіден медициналық куәландыру өткізу үшін қан алынды.

Көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды. Жиналған материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Петропавл полиция басқармасына жолданды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz