453
ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің бастамасымен Қазақстандағы мерекелер тізіміне «Аналар күні» мен «Әкелер күні» енгізілді. Тиісті жарлыққа үкімет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Аналар күні — мамыр айының екінші жексенбісінде тойланады.
Әкелер күні — маусымның үшінші жексенбісі болып бекітілді.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі атап өткендей, әлемнің көптеген елдерінде тойланатын «Аналар күні» және «Әкелер күні» ресми мерекелері отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттауға, отбасы мен білім институтын нығайтуға ықпал етеді.