Пелет, өнеркәсіптік ағаш жоңқалары мен отын брикеттерін шетелге экспорттауға рұқсат берілуі қажет

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңірдің орман пайдаланушылары пелет, өнеркәсіптік ағаш жоңқаларын және отын  брикеттерін экспорттауға салынған тыйымды алып тастауды сұрады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өткен жылдың желтоқсан айында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі республикадан ағаштың жекелеген түрлерін, оның ішінде кесілген ағаш  қалдықтарынан жасалған өнімдерді  экспорттауға тыйым салған болатын. Бұл өнімдер Еуропа елдерінде кең сұранысқа ие. Тыйым салынғалы бері орман пайдаланушылар қалдықтарды жағып, толық қуатында жұмыс істей алмай отыр.  Облыстық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешен басқармасының басшысы Ерік Уалиев осы мәселеге  тоқталды.

–  Өңірімізде жыл сайын ағаш кесу жұмыстарынан жүз мың текше метрден астам қалдық қалады. Ағаш қалдықтары отынның баламалы түрі – пелет пен брикеттерді өндіруде пайдаланылады. Бірақ 2022 жылдың 9 желтоқсанынан бастап ағаштың жекелеген түрлерін елден экспорттауға тыйым салынған. Осылайша  бағалы шикізатты кәдеге жаратпай,  жағып жатырмыз.  Бұл тірлігіміздің  қоршаған ортаны ластағаннан басқа облыс экономикасына пайдасы жоқ, – дейді Ерік Уалиев.

Экспортқа тыйым салудың мәні  – ағашты  ел аумағынан заңсыз әкетуге жол бермеу. Мамандар  бұл шешімді дұрыс деп есептейді.  Бірақ ағаштың барлық түрлерін экспорттауға тыйым салу ағаш өнеркәсібінің дамуын айтарлықтай  тежейді. Сондықтан  отынның баламалы түрі – пеллет пен брикеттер,  өнеркәсіптік жаңқа сияқты ағаш материалдарын тыйым тізімінен алып тастау керек.

«Ахмутдинов» жеке кәсіпкерлігі  сегіз  жылдан бері пеллет өндірумен айналысып келеді. Кәсіпорынның өндірісті ұлғайтуға барлық мүмкіндігі бар. Білікті  кадр мен заманауи жабдықтармен қамтылған кәсіпорында шикізат та жеткілікті.   Бірақ тыйымның салдарынан арнайы алынған   қымбат жабдықтар  қаңтарылып тұр.

– Осы жылдың қаңтар айынан бастап жұмысымыз тоқтап қалды.  Себебі елімізде пеллетке сұраныс жоқ.  Ал оны Еуропа  елдеріне тыйымның кесірінен сата алмай отырмыз.   Сатқан күннің өзінде экспорт көлемі шектеулі.  Сондықтан тек 4-5 ай ғана өндіріп,  жұмысты  тоқтатуға мәжбүрміз,– дейді «Ахмутдинов»  жеке кәсіпкерлігінің директоры Сермұхамет Оралұлы.

Кәсіпорын еліміздің пеллетке деген сұранысын өтей алады.  Алайда ішкі сұраныс тым аз. Біздің елімізде отынның бұл баламалы түрі негізінен супермаркеттер жақсы сатып алады екен. Олар оны  халыққа мысық қоқысы ретінде ұсынады. Ал Еуропада қазір оған үлкен сұраныс бар.  Өйткені  халықаралық санкцияларға байланысты Ресей экспортына шектеу қойылған.  Соның  салдарынан  қазір өнімнің бұл түрі тапшы. Қазір «Ахмұтдинов»  жеке кәсіпкерлігі қалдықтардың  40 пайызын ғана пайдаланады, ал қалғанын  күйдіріп жатыр.

– Еуропалық елдердің пелет, өнеркәсіптік ағаш жоңқалары және отын брикеттерге сұранысы шамамен 6 миллион тоннаны құрайды. Еуропадағы энергетикалық дағдарыстың әсерінен баға үш есе өсті. Қазіргі уақытта  отандық кәсіпорындарға Финляндия мен Дания  елдерінен жоғарыда аталған өнімдердің үлкен көлемін жеткізуге бірнеше өтініш  түсті. Егер экспортқа тыйым салу жойылса, олар тіпті осы салаға инвестиция салуға   дайын. Облысымызда баламалы отынның бұл түрін шығаруға дайын кәсіпорындар жеткілікті, бірақ экспорттық шектеулерге және ішкі сұраныстың өте төмен болуына байланысты олар дамымай отыр, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің басшысы Ерік Уалиев.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары ағаш өңдеу өнімдерін экспорттауға рұқсат беру кірісті айтарлықтай арттырып қана қоймай, сонымен қатар ағаш өңдеу өнеркәсібін дамытуға серпін берер еді деген ойларын айтты.  Сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсартуға, салық салу базасын  ұлғайтуға, жұмыс орындарының санын арттыруға, ағашты тереңірек өңдейтін кәсіпорындарды ашуға  ықпал етеді.

Энергетика нарығындағы қалыптасқан жағдайды ескерсек, отын түйіршіктерінің экспорты Қазақстанның экологиялық таза биоотын өндіру бойынша  бәсекеге қабілеттілігін дамытады. Сондықтан  сарапшылар отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Үкіметтен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «Жекелеген ағаш өнімдерінің экспортын реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығының тыйым салу туралы тұсына өзгерістер енгізуді  сұрап отыр.

Үстіміздегі жылдың 10 маусымынан бастап  министрлік бұл бұйрықты тағы жарты жылға ұзартады. Бұл  «Asia wood’s» ЖШС, «Ахмутдинов»  жеке кәсіпкерлігі  сияқты барлық қажетті құрал-жабдықтары мен материалдық ресурстары бар, ең бастысы өндіріс көлемін 100 пайызға дейін өңдеуге әзір компаниялардың шығынын арттырады.  Ал бұл кәсіпорындар  толық қуатында жұмыс істесе 100 мың текше метрден астам шикізатты өңдей алады, 500-ден астам қосымша жұмыс орнын ашады және экспорттық түсімдерді арттыру арқылы бюджетке жыл сайын 500 миллион теңгеге жуық салық түсіреді.   Осыған байланысты  облыстық кәсіпкерлер палатасы уәкілетті органдарды бұл мәселені Үкімет деңгейінде тағы бір  мәрте  қарап, отандық тауар өндірушілердің пайдасына объективті шешім қабылдауға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz