Қазақстандықтар Тимофей Скатов пен Андрей Голубев «Ролан Гаррос» турнирінде жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингте 147-орында тұрған Тимофей Скатов жекелей сында алғашқы айналымда әлемнің 29-ракеткасы, болгариялық Григор Димитровпен ойнады. Тәжірибелі қарсылас 6:0, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында болгариялық теннисші 10 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Бұл 22 жастағы Тимофедің «Ролан Гарростың» негізгі турнирінде алғаш рет өнер көрсетуі еді.