Облыста кенеттен дүниеден озған Гүлмира Кәрімованың орнына Сенат депутаты сайланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Алғашында ҚР Парламент Сенаты депутаттығына 7 үміткер облыстық сайлау комиссиясына өз-өзін ұсынып, құжат тапсырған болатын. Кейін саяси додаға қатысуға тек екі азамат өтініш білдірді. Осылайша дауыс берушілерге Әсем Рахметова мен Рауза Қасенованың арасыннан біреуін таңдау мүмкіндігі берілді.
Дауыс беруге облыстағы мәслихаттардың 193 депутатының 180-і қатысты, 13 депутат белгілі себептермен таңдау жасай алмады.
134 депутат Әсем Рахметованың кандидатурасын жақтап дауыс берді, 1 бюллетень жарамсыз деп танылды.