Николаевка ауылдық округіне жаңа әкім сайланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Есіл ауданының Николаевка ауылдық округінде  әкім сайлауы өтті. Жергілікті тұрғындар  бұл лауазымға үміткер ретінде тіркелген  екі адамға дауыс берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл сайлау ауылдық округ әкімінің өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  Заңның талаптарына сәйкес  жүзеге асырылды. Николаевка ауылдық округіне екі елдімекен – Николаевка және Қаратал ауылдары қарайды.  №145 сайлау учаскесі Николаевка елді мекеніндегі мектепте орналасқан. Таңғы сағат 7.00-де ашылып, алғашқы дауыс берушілер келе бастады. Солардың бірі —  Қайыржамал Омарқызы.  Николаевка орта мектебінде қырық жылдан астам уақыт  ағылшын тілінің мұғалімі болып жұмыс істеген ол қазір зейнет демалысында. Саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған  еңбек ардагері  мұндай маңызды іс-шаралардан тыс қалған емес.

— Су мен жол мәселесі біртіндеп өз шешімін тауып келеді.  Бізді жастардың жұмыссыздығы мәселесі алаңдатып отыр. Жұмыспен қамтуды бірінші орынға қою керек деп ойлаймын.  Мәдениет жағын дамытуға да көп көңіл бөлінсе құба-құп, бізде бұл сала ақсап жатыр, — деді Қайыржамал Омарқызы.

Николаевка елді мекені тұрғындарының айтуынша, округ әкіміне лайықты тұлғаны  тұрғындардың  өзі  таңдауы өте дұрыс шешім. Бұл — әкімнің халыққа жақын болуына сеп.

Сайлаудың қорытындысы бойынша 577 дауыспен Николевка ауылдық округінің әкімі болып «АМАNАТ» партиясы Есіл аудандық филиалы ұсынған үміткер Далабай Қабдуалиев сайланды. Ол 1989 жылы туған. Жалпы сайлауға 945 дауыс берушінің тек 673 ғана  қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz