СҚО-ның бес полицейі кезекті офицерлік атаққа ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мемлекеттік рәміздер күнінде СҚО полициясының екі қызметкері капитан, үшеуі полиция майоры атағын алды.
– Мерекеде офицерлік атақ алу — қуанышты жайт. Бұл полиция қызметкерлерінің мемлекет пен халық алдындағы жауапкершілігін тағы бір мәрте сезінуге мүмкіндік береді, – дейді полиция капитаны шенін алған Петропавл қаласы ПБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі Санжар Атажан.
Іс-шара соңында полицейлер мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, саптық қадамнан өтті және қылмысқа қарсы күресті жалғастыру, қоғамдық қауіпсіздікті қолдау мен нығайту үшін қызмет атқару орындарына оралды.