Футболдан ел біріншілігінің 12-ші турында «Қызылжар» клубы Қостанайда «Тобыл» командасына қарсы ойын өткізді. Бұл кездесуге дейін қызыржарлықтар турнир кестесінде үшін орында келе жатқан. Қостанайлықтар болса, жетінші сатыға жайғасқан еді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Матчтың бірінші бөлігі алма-кезек шабуылдармен өтті, бірақ есеп ашылған жоқ. Екінші тайм да теке-тіреске толы болды. Алғашқы гол тек 75-ші минутта соғылды. Нәтижелі соққының авторы – «Тобылдың» котдивуарлық шабуылшы Серж Дебле. Бұл нәтише төрешінің соңғы ысқырығына дейін өзгеріссіз қалды.
Бұл жеңістен кейін «Қызылжар» клубы төртінші сатыға түсті. Ал қостанайлықтар алтыншы орынға көтерілді. «Астана» командасы көш бастап келеді.