Өткен демалыс күндері облысымызда кезекті температуралық рекорд тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК филиалының ақпаратына сәйкес, Петропавлда тәуліктік температуралық максимум маусымның 2-сі, 3-ші және 4-і күндері соңғы 85 жылда тіркелген ауа райынан асып түсті. Сынап бағанасы +36,3 және +37,5 градусқа дейін көтерілді, бұл бұрын тіркелген максимумнан +3,1, +3,4 градусқа жоғары болып отыр.
Тимирязево ауылында демалыс күндері ауа температурасының абсолютті максимумынан асып түсіп, сынап бағанасы +39 градусқа дейін көтерілді.