СҚО-да екі этно-лагерь ашылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста балалардың жазғы демалыстарын қызықты өткізу мақсатында этнолагерлер жұмыс істейтін болады. Бүгіндері мұндай сауықтыру орталықтары Жамбыл және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, теріскей республикада алғашқылардың бірі болып, «Этноауыл» жобасын қолға алды. Өткен жылы балалардың жазғы демалыстарын тиімді әрі пайдалы өткізу мақсатында этнолагерлерде жұмыс істей бастады. Биыл бұл дәстүр жалғасын тапты.

– Этноауылдарда балалар дәстүрлі лагерь корпустарының орнына ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлерге орналастырылады. Ұлттық ойындар мен спорт түрлері ойнатылады. Қариялар қыздарға бауырсақ пісіруді үйретсе, ал ұлдарға самаурын қайнатудың сырлары көрсетіледі. Демалушыларға ұлттық дәстүрлер түсіндіріледі.
Лагерьдің бірегей форматы балаларға қазақ халқының өзіндік мәдениеті көрсетілен атмосфераға енуге мүмкіндік береді. Жазда тек осы екі этно-лагерьде 3700 бала демалады деп жоспарлануда, – дейді СҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz