Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанатын болады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында орта мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту мәселесі шешіліп жатыр. Тиісті құжат қоғамның талқылауына ұсынылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

«СҚО мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы» қаулы жобасы Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланды. 19 маусым күні жарыққа шыққан құжат 3 шілдеге дейін талқыланбақ. Қаулыға өңір басшысы Айдарбек Сапаров қол қойған.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жоспарына сай және Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес шешім қабылданған.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, өткен оқу жылында өңірдегі 465 білім ордасында 72 мыңнан астам оқушы болса, оның 31 180-і – бастауыш сыныпта оқыды. Бұл мектептердің 98% — 439-ында ыстық тамақ ұйымдастырылды. 2% — 11 мектепте буфет жұмыс істеді. Петропавлда ыстық тамақ 550 теңге тұрса, аудандарда түскі ас 500 теңге болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz