М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 289 студент білім алып жатыр. Оның 150-ге жуығы биыл түлек атанып, қолдарына диплом алмақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Білім ордасының баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы жоғары оқу орнын 2013 студент тамамдап, оның 1656-сы, яғни 83 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты. Биыл түлектердің саны 1800-ге дейін жетіп отыр.
– СҚУ-да оңтүстіктен солтүстікке білім қуып келген студенттер «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуда. Олардың дені өңірімізде тұрақтап жатыр. Мәселен, былтыр мемлекеттік бағдарлама аясында 273 жас азамат диплом алып, ауылды жерде жұмысқа орналасты. Биыл 150-ге жуығы түлек атанады, – дейді СҚУ-дың баспасөз қызметіндегілер.