М.Қозыбаев атындағы СҚУ оқытушысы үздіктердің қатарында

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың «Қаржы және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Данияр Байтенизов Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2023» конкурсында бақ сынап, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Жоғары оқу орнында 2010 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан ол – бірнеше монографиямен, оқу құралы және 40-тан астам ғылыми мақалалардың авторы.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2023» конкурсы оқытушы мамандығының беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамуға ынталандыру мақсатында өткізіледі. Осы жолы байқауға еліміздің 80 жоғары оқу орнынан барлығы 768 үміткер қатысты. Конкурста электрондық оқу ресурстарын, материалдарды әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдарда ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және тағы да басқа көрсеткіштер назарға алынды. Сондай-ақ үміткерді оқыту сапасы, оның бакалавриат, магистратура және докторантурада кадрлар даярлау жөніндегі жұмысы да бағаланды.

Аталған конкурс министрліктің ақпараттық жүйесі базасында өтті. Ол арқылы қатысушылар барлық кезеңдердің ашықтығын қадағалай алды. Байқауға өтінімдер мен құжаттар электрондық форматта қабылданды. Бұл  да байқауды өткізудің ашықтығын қамтамасыз етті. Комиссия құрамына үкіметтік емес ұйымдар, жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері және білім беру саласындағы сарапшылар енгізілді. Олардың шешімімен 43 жоғары оқу орнынан 150 оқытушы үздік атанды. Енді олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алады.  Ақшалай ынталандырудан басқа «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»  төсбелгісіне ие  болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz