221
ҚР Президенті іс басқарушысының жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке Абай Алтай келді. Оған дейін бұл лауазымда Маржан Әкімжанова болған еді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Тиісті өкімге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 7 маусым күні қол қойды.
— Мемлекет басшысының өкімімен Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорданың хабарламасында.
ҚР президентінің тағы бір өкімімен Маржан Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президенті іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.