Полицейлерге алғыс

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО тұрғыны жол бойында көмек көрсеткен полицейлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс тұрғыны әлеуметтік желідегі топтардың бірінде полиция қызметкерлері Исманов пен Құрманғожиновқа алғысын білдіріп, жазба қалдырды.

Белгілі болғандай, Тимирязев ауданынан Петропавлға көшіп бара жатқан азаматтың көлігінің доңғалағы жарылып, ол «Челябі – Новосібір» трассасы бойындағы Петерфельд ауылының жанында тоқтаған. Ақауды түзеу үшін арнайы құрал-саймандар қажет еді. Оның қуанышына орай, СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Рустан Исманов пен Тимур Құрманғожинов көмекке келді. Тәртіп сақшылары «жигулидің» апаттық шамдарын көріп тоқтайды. Доңғалаққа қажетті сайманды жолда өтіп жатқан жүк көлігінің жүргізушісінен сұратып, жөндеуге көмектеседі.

– Алыс сапар алдында барлық жүргізушілерден көлік құралының техникалық жарамдылығына көз жеткізуді, өзімен бірге қосалқы бөлшектер мен құралдарды алып жүруді сұраймыз. Батальонның міндеті – құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, облыстың автожолдарында қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету. Жақсы орындалған жұмыс үшін айтылған алғыс қызметкерлерді ынталандырады, – дейді СҚО ПД ППБ командирі Валихан Оразалин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz