Алтай Көлгінов ҚР премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновті ҚР премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, – делінген Ақорданың ресми сайтында жарияланған Жарлық мәтінінде.

Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген.

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.

  • 2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады.
  • 2008-2010 жылдары жеке меншік компанияда қызмет етті.
  • 2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
  • 2012-2013 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
  • 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды.
  • 2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.
  • 2019 жылғы маусымнан 2022 жылғы желтоқсан аралығында – Астана қаласының әкімі.
  • 2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.
  • 2023 жылғы 3 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып қайта тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz