Кей шағынаудандар жарықсыз қалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Маусымның 7-сі күні облыс орталығында желдің екпіні секундына 29 метрге дейін жетіп, салдарынан ағаштар құлап, кей шағынаудандар жарықсыз қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кеше орын алған табиғи құбылыс жергілікті тұрғындарды әбігерге салды. Жаңбыр мен ұйытқи соққан қатты желден келген залал жайлы Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы айтып берді.

— Қаланың 13 қосалқы станциясында электр қуаты өшіп, кейбір үйлер жарықсыз қалды. Дегенмен апаттық қызмет мамандарының араласуымен бірнеше сағаттан соң электр қуаты қайта қосылды.
Кей шағынаудандарда жарық бүгін қосылды. Таңға дейін Петропавлдың өнеркәсіптік аймағы, 20-шы шағынауданы, Балық тәлімбағы аумағында және Я.Гашек пен Ш.Уәлиханов көшелеріндегі кейбір нысандар жарықсыз отырды. Қазір апаттық қызмет бригадалары қауыр жұмыс істеп жатыр, — деді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Эльмира Сәдуақасова.

«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметі бойынша кеше небәрі 16 минуттың ішінде түскен жауын-шашын мөлшері 17,9 мм-ді құрады.

Дауылға байланысты «109» жедел әрекет ету орталығына қала тұрғындарынан 19 өтініш түсті, 90 пайызы электр қуатының жоқтығына шағымданды. Сондай-ақ екі мекенжай бойынша тұрғындар үйлерінің төбесінен су ағып жатқанын айтты.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ағаштар мен бұтақтардың құлауына қатысты өтініштер де түсті. Коммуналдық қызметтер оларды шығарып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz