СҚО-дан сенатор болып сайланған Әсем Рахметова ант берді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысынан Сенат депутаты болып сайланған Әсем Рахметова ант берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жоғары палатаның жалпы отырысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сенатор атанған Әсем Рахметованы жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тіледі.

Кейін жаңадан сайланған депутат ҚР Конституциясына сай, ант берді.

— Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен тұтастығын нығайтуға, оның Коституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың, өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, — деп ант берді Әсем Рахметова.

Кеше Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатына Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған Әсем Рахметоваға депутат куәлігі мен төсбелгісін табыстаған болатын.

Еске салайық, Әсем Рахметова СҚО-дан сенатор болып сайланып, кенеттен көз жұмған Гүлмира Кәрімованың мандатын иеленді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz