Солтүстік Қазақстан облысының жедел жәрдем орталығының 28 қызметкеріне 15 мың теңгелік ақшалай сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Елімізде маусымның әр үшінші жексенбісінде (2023 жылдың 18 маусымында) Медицина қызметкері күні аталып өтіледі. Дәрігерлердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Magnum Cash&Carry» бөлшек сауда желісі, «Мен — алматылықпын» қоғамдық бірлестігі және қала әкімдігі облыс орталығындағы жедел жәрдем қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
– Дәрігер мамандығы – ең асыл кәсіптің бірі. Олардың жұмысы – адам өмірінің арашасы болу. Біздің компания 2023 жылғы 7 мамырдағы өрт кезінде Петропавл тұрғындарына көмектескен жандарға ақшалай сертификаттар тапсырып, алғыс білдіргісі келді, – «Magnum Cash&Carry» сауда-бөлшектік желісінің өкілдері.
Облыстың жедел жәрдем орталығының бас дәрігері Юрий Белоног ұйымдастырушыларға қызметкерлерді еңбегін елегендері үшін алғысын жеткізді. Ұйымдастырушылар болса, мұндай акцияны дәстүрге айналдыру жоспарда бар екенін айтты.
Бүгіндері жедел жәрдем орталығында 450 адам жұмыс істейді. Марапатқа негізінен көпбалалы қызметкерлер ұсынылды.