Бүгіннен бастап облыста ауа райы құбылмалы болмақ. Кей аумақтарда шаңды дауыл тіркеліп, жауын-шашын болуы ықтимал, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше, маусымның 9-ы күні облыстың солтүстік-батысында аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста желдің екпіні секундына 9-14 метр, түнде облыстың оңтүстік-шығысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 11-16, күндіз-22-27 градус жылы болмақ.
Маусымның 10-ы сенбі күні аймақтың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, шаңды боран, дауыл болады деп болжануда. Ауа температурасы түнде 10-15 градус жылылықты көрсетпек. Өңірдің солтүстік-шығыс бөлігінде желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетеді.
Маусымның 11-і күні облыстың солтүстігінде жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл болуы мүмкін. Желдің екпіні секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа райы 25-30 градусқа дейін жылынып, түнде + 8 +13 градус болады.