Ұрлықшы ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл полицейлері бейнебақылау жүйесімен және терезе торларымен жабдықталмаған дәмханада жасалған ұрлықтың бетін ашты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдық тәртіп сақшыларына қаладағы дәмханалардың бірінде жасалған ауыр ұрлықты ашу үшін бір апта қажет болды. Мамырдың 22-не қараған түні белгісіз қылмыскер терезені сындырып, ішке енген. 37 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатты, dvd-плеер, алкогольдік ішімдіктер және басқа да тауарларды қолды қылған. Шығын сомасы 100 мың теңге шамасында. Дәмхана иелері полицияға тек таңертең хабарласқан. Сауда орнында бейнебақылау жүйесі мүлдем болмаған. Дегенмен, Петропавл қаласы ПБ бірінші полиция бөлімінің криминалистері мен жедел уәкілдері күдіктіні анықтады. Ол бұрын бірнеше мәрте қылмыстық жауапқа тартылған Жамбыл ауданының 39 жастағы тұрғыны болып шықты.

Бейнебақылау инспекторлары мен барлық сыртқы қызметтер оны іздеу және ұстау шараларын бастап кетті. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайының болмауы қиындық тудырды. Криминалдық полиция қызметкерлері оны 30 мамыр күні облыс орталығындағы Жұмабаев көшесінде анықтады.

– Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Баптың санкциясы 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Қылмыстық құқық бұзушылықтар болмас үшін объектілерде қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Терезелердегі торлар, мықты есіктер, дабыл мен бейнебақылау жүйесі қылмысты болдырмайды немесе олардың қысқа уақыт ішінде ашылуына көмектеседі, – дейді Бірінші ПБ бастығы Тілеген Әлжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz