Қостанай облысындағы Озерный ауылында гір көтеру спортынан ел біріншілігі өтті. Оған өңіріміздің атынан 30 спортшы қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Артем Головин 73 килограмм санатындағылар арасында алтыннан алқа тағынып, абсолютті чемпион атанды. 95 килограмда Виталий Диденко жеңіс тұғырына көтерілді. 85 килограмда Валентин Федоровский күміс медальмен күптелді. 68 килограмда Олег Окс үшінші орынға ие болды.
Қыздар арасында да жерлестеріміз жүлдегерлер қатарынан көрінді. Осылайша Мария Головина 63 килограмм салмақ дәрежесінде серпе жаттығуында жеңімпаз атанып, жұлқа көтеру әдісінде үшінші орынға жайғасты. 58 килограмда Елена Костенко үшінші орын иеленді. 63 килограмда Любовь Синько күміс медальді еншіледі. Салмағы 68 килограмда Марина Евич серіппе жаттығуында чемпион атанса, жұлқа әдісінде екінші орынға тұрақтады. Салмағы 68 килограмнан асатын спортшылар арасында Сабина Шпеттер серіппе және жұлқа жаттығуларында күміс медальға қол жеткізді.
СҚО гір көтерушілерінің командасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.