Құрғақшылыққа төзімді тұқым түрі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстың ғалымдары құрғақшылыққа және түрлі ауруларға төзе алатын «тритикале» тұқымын жасап шығарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл «Дәурен» атты дәнді дақыл жергілікті шаруа қожалықтарының алқаптарында сынақтан өткізіліп жатыр. Тұқым Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында егіледі. Оның авторларының айтуынша, жаңа сұрып алынғаннан кейін 5 жыл бойы зерттеу жүргізіліп, өсіру технологиясы жасалған. Шығымдылығы өте жоғары. Гектарынан 32-ден 47 центнерге дейін өнім береді.

— Жаздық тритикале – өте құнарлы дақыл. Оны мал азығына, тағамға да пайдалана беруге болады. Бастапқыда 100 тұқым шығарып, ішінен біреуін ғана іріктеп алдық. Көбейтуге 5 жыл уақыт кетті. Барлық жұмыс жаңа биотехнологиялық әдістер бойынша жүргізілді, — дейді тұқым авторы Олег Соловьев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz