Биыл мамыр айында облыстық прокуратураның қызметкері әйелді өлтіру қылмысын ашуға көмектесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 мамырда Петропавлдағы пәтерлердің бірінен бірнеше рет жараланған әйелдің мәйіті табылған. Адам өлтірген күдікті тез арада анықталып, дәлелдер жинақталды.
— Оқиға орнын тексеруге қатысқан іс жүргізу прокуроры Асқар Иманқұлов қаза тапқан адамның пәтерінің кіреберісінде және күдіктінің жұмыс орнында орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді. Күдіктінің жұмыс орнында болған камера жазбаларының бірінде оның әкімшілік ғимаратының аумағында орналасқан қоқыс жәшіктеріне жәшіктерді алып бара жатқаны күдікті көрінді. Жедел тергеу тобы қоқыс жәшіктерін дереу тексерді. Нәтижесінде ала қоңыр дақтары бар, пышақтар мен кісі өлтіру құралы ретінде пайдаланылған заттар табылды, — дейді СҚО прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.
Табылған заттарды күдікті әйелді өлтіру үшін қолданған.