СҚО-дағы екі лагерьге жұмыс істеуге рұқсат берілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыста балаларға арналған 12 жазғы сауықтыру лагері жұмыс істейтін болады. СҚО бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратына сәйкес, оның тек екеуіне балғындар мен жасөспірімдерді қабылдауға рұқсат берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО санитарлық-эпидемиологиялық департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлованың айтуынша, бүгіндері санитарлық тексеріс жүргізуге өңірдегі жеті лагерьдің әкімшілігі өтініш білдірді. Оның екеуі Шал ақын ауданында және бесеуі Қызылжар ауданында шоғырланған. Жақында Есіл ауданындағы «Бұлақ», «Қарлығаш», Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы орталықтар тексеріледі деп күтілуде. Бұл лагерьлер бойынша шешім 13 күннің ішінде шығарылады.

— Әзірге Петропавлдағы «Достық», «Аққайың», Аққайың ауданындағы «Оқжетпес», Айыртау ауданындағы «Шағала», «Олимпиадашылар» лагерьлеріне тексеріс жүргізу жөнінде өтініш түскен жоқ. Жыл сайын олардың базалары да тексерілетін, — деді Татьяна Горлова.

Өңірде балаларға арналған жазғы демалыс кезеңінің ашылуы маусымның 10-ы мен 17-сі күндері өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz