Кімдер білім грантын жұмыс істеп өтейді, ал одан босатылғандар бар ма

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Ғылым және жоғары білім министрлігі қандай түлектер грантты жұмыспен өтеуге тиіс екенін түсіндірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес 6 санат үшін грант бойынша үш жылдық немесе екі жылдық міндетті жұмыспен өтеу көзделген:

1) Педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квота шегінде түскен ауыл жастары;

2) Педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша «Серпін» бағдарламасы бойынша түскен ауыл жастары;

3) Педагогикалық және медициналық мамандықтардың студенттері;

4) Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша білім алған докторанттар;

5) Философия докторлары бағдарламасы бойынша оқыған докторанттар;

6) Барлық басқа мамандықтар;

«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес грантты жұмыспен өтеуден кімдер босатылды?

  • жүкті немесе 3 жасқа дейінгі балалары бар;
  • 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;
  • Егер бітірушінің жұбайы/зайыбы тұратын, жұмыс істейтін немесе қызмет өткеретін елді мекенде бос орын болмаса;
  • одан әрі грантқа резидентураға, магистратураға немесе докторантураға түскен жағдайда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz