Ауылдықтар кәсіби даярлықтан өту мүмкіндігіне ие

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қызылжар ауданында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Кеңес» жобасы іске қосылды. Оның аясында қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Республикалық жобаны жүзеге асыру мақсатында «Молодеж за ЗОЖ» қоғамдық бірлестігі Қызылжар ауданында фронт-кеңсе ашты. Оған Бескөл, Прибрежное және Якорь ауылдарындағы еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар жүгіне алады. «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін кеңседе елді мекендердің тұрғындары заң және психологиялық тұрғыда көрсетілетін көмекке қол жеткізбек. Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайға тап болғандардың жас белсенділердің қолғабысы арқасында қайта кәсіби даярлықтан өтуіне мүмкіндіктері бар. Қысқа мерзімді курстар ішінде ауыл азаматтары білімдерін шыңдап, жаңа жұмыс орындарына орналаса алады.

Көмекке жүгінгендер арнайы курстарда шаштараз, веб-дизайнер, СММ-маманы және мобилограф сынды жаңа кәсіп түрлерін игере алады. Оқытудан мүгедектігі бар еңбекке қабілетті жастағы ауыл тұрғындары, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, аз қамтылған, толық емес, көпбалалы отбасылардың мүшелері, сондай-ақ NEET жастар санатына кіретін азаматтар қатысады. Тың жоба бойынша 20-дан астам адамды оқыту жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz