«Amanаt» партиясының жоспары ауқымды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Amanаt» партиясы СҚОФ өкілдері бес жылдық сайлауалды уәделерін іске асыру үшін бес бағыт бойынша 120 іс-шарадан тұратын жол картасын әзірледі. Оның 112-сі биыл іске асырылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сайлауалды бағдарламаның ең ауқымды бағыты – кірісті арттыру, ол бойынша 42 іс-шараны іске асыру жоспарланған. Бұл туралы «Amanаt» партиясы СҚОФ атқарушы хатшысының орынбасары Болат Данияров мәлім етті. Оның айтуынша, азаматтардың табысының өсуі үшін 5 жыл ішінде кемінде 30 мың жұмыс орны құрылады, кемінде 1,5 мың жұмыссыз оқытылады, сондай-ақ ауылда кемінде 350 кәсіпкерлік субъектісі ашылады.

— Біздің өңірдегі орташа жалақы Қазақстан бойынша ең төмен – 222,6 мың теңге. 5 жыл ішінде біздің міндетіміз – орташа жалақы деңгейін 339 мыңға дейін көтеру. Үстіміздегі жылғы 253,9 мыңға дейін арттыру жоспарланған. 5 жыл ішінде біз ауыл шаруашылығында 16 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесуге ниеттіміз, — деді атқарушы хатшысының орынбасары.

Сайлау науқаны кезінде сайлаушылардан 1800-ге жуық өтініш түскен. Дені білім беру мен денсаулық сақтау салаларына қатысты. Бұл мәселелерді шешу үшін партиялықтар апатты мектептердің орнына үш жаңа мектеп, «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде төрт мектеп, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған бір білім ордасын салуды мақсат етіп отыр.

– 5 жыл ішінде біз балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткішін 92%-ден 98%-ға дейін арттыруға ниеттіміз. Мектептердегі қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылады. 1 қыркүйектен бастап 98 нысанда мамандандырылған күзет іске қосылады, қазір ол 18 нысанда бар. Денсаулық сақтау саласына келетін болсақ, 46 медициналық нысанның құрылысы басталады. 2023 жылы оған Ұлттық қордан 2,5 млрд. теңге және жергілікті бюджеттен 7 млн. теңге бөлінді. Биыл «Береке» және «Жас Өркен» шағынаудандарында 250 адам қабылдайтын жаңа емханалар ашылады, — деп атап өтті Болат Данияров.

Бүгінгі таңда өңірдегі проблемалардың қатарында елді мекендерді сумен жабдықтау, жол инфрақұрылымы және тұрғын үймен қамтамасыз ету бар. Партияның 5 жылға арналған міндеті – халықтың сумен жабдықтауға 100% қол жеткізуін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, 2023 жылы жергілікті маңызы бар 500 шақырымға жуық жол, оның ішінде 320 шақырым кентішілік жолдар жөнделеді. Жалпы, 5 жыл ішінде «AMANAT» сапалы жолдардың үлесін 78%-ден 95%-ға дейін арттыру үшін республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарға қосымша қаражат бөлуге қол жеткізетін болады. Сондай-ақ, 5 жыл ішінде 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, оның 300 мың шаршы метрі биыл қолданысқа енгізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz