СҚО-да 2,9 млрд. теңгеге мемлекеттік сатып алулар заңсыз өткізілмек болған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында прокурорлар заңсыз өтпек болған 8 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды. Олардың жалпы сомасы – 2,9 млрд. теңге, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz  ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

СҚО прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, СҚО мемлекеттік сатып алу басқармасы Петропавл қаласында жер учаскесіне рұқсат құжаттарынсыз 2,5 млрд. теңге сомасына көппәтерлі үй салу бойынша конкурс өткізген.

Тағы бір жағдайда, Ақжар ауданында 300 млн. теңге сомасына автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімі қажетті ведомстволық сараптамасыз жүргізілген.

Прокурорлық қадағалау актілерімен конкурстардың күші жойылды, заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 8 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төледі. Тағы 4 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұл конкурстар анықталған заң бұзушылықтар жойылғаннан кейін қайта өткізілетін болады.

Бұған дейін СҚО-да балалардың 12 жазғы лагерінің тек екеуі ғана санитариялық қызметтің рұқсатын алғанын айтқан едік. Өңірде 10 маусымнан бастап демалыс нысандары ашылып жатыр. Сауықтыру лагерьлерін күрделі және ағымдағы жөндеуге биыл 94 млн теңге бөлінген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz