Шал ақын ауданындағы «Аю-тас» жазғы сауықтыру лагері демалыс маусымын ашты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Лагерьде балалардың демалысын көңілді, олардың физикалық, рухани және экологиялық дамуы үшін пайдалы ету үшін арнайы бағдарлама әзірленді. Шал ақын ауданында орналасқан орталыққа 140 бала бос уақыттарын өткізуге қабылданды. Оның 29-ы Тимирязев ауданынан келгендер.
Әр маусым 10 күнге шақталған. Лагерьдің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес осы уақыт аралығында балалар ойын-сауық, спорттық іс-шараларға қатыспақ. Демалушылар 9 ғимаратқа жайғасты.