Ботаникалық бақты Ресейге көшіруді сұраған директор

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы ботаникалық бақ директоры Артур Рязапов кешендегі зообақ және музей коллекциясын Татарстанға эвакуациялауды сұрап, сол елдің Президентіне хат жазды. Оның бұл әрекеті тұрғындардың наразылығын туғызып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Кеше әлеуметтік желіде Петропавлдағы ботаникалық бақ директоры Артур Рязаповтың Татарстан Президентінің атына көмек сұрап жазған хаты жария болды.

Кешен басшысының айтуынша, жағдай өзгермесе көп жылғы еңбек зая кетіп, бақ жойылуы мүмкін.

Бұл хат тұрғындардың ашуын туғызды.

Кейін жазба астына хат авторы жауап қалдырып, жағдайды түсіндірмек болды.

Артур Рязаповтың айтуынша, олар осылайша ботаникалық бақты сақтап қалмақ.

Қаланың коммуналдық меншігіне берілгенімен, мәселе шешілмеген. Ол хатты жазуға не себеп болғанын тізіп берді.

Соның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаның берілмеуі, бақ аумағын үлкейтуге мүмкіндіктің болмауы, маңында құрылыстың жүргізілуі сияқты бірқатар мәселе бар.

— Бақтың қай ведомствоға қарайтыны да белгісіз. Сондай-ақ ботаникалық баққа оның негізін қалаушы, Қазақстанның еңбегі сіңген агрономы, Петропавлдың құрметті азаматы, профессор Равиль Рязаповтың есімі берілмеді… Біздің бақ құрып барады, ендеше ол Татарстанда жаңғырсын! —  деп жазды Артур Рязапов.

Петропавл қалалық білім бөлімінің мәліметінше, Ботаникалық бақ тиісті деңгейде қаржыландырылып келеді. Мәселен биыл бұл мекемені күтіп ұстауға және жөндеуге 90 млн теңгеден артық қаражат бөлінген.

— Ғасырлық тарихы бар Петропавлдағы Ботаникалық бақ 2018 жылы «Жас дарын» музыкалық мектебінің балансына берілді. Сол уақыттан бері бұл нысанға 320 млн теңге бөлінген. Биыл 90 млн теңгеден артық қаржы бөлінсе, оның 20 млн теңгеден астамы материалдық базасын нығайтуға және шатырына ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізуге жұмсалды, — делінген ведомствоның жауабында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz