Бейбіт күннің батыры

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да полиция қызметкері суға батып бара жатқан адамды құтқарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқиға Аққайың ауданында орын алды. Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік инспекторының көмекшісі Тимур Қалиевтің айтуынша, төтенше жағдай маусымның 3-і күні тіркелген. Ол кезде тәртіп сақшысы кезекті еңбек демалысында болыпты. 45 жастағы жергілікті тұрғын суға шомылуға барған. Аяғының сіңірі тартылып, суға бата бастайды. Жағалауда болған барлық адамдардың ішінен Тимур оны бірінші болып байқап, көмекке жүгірген екен.

– Мен 20 метр жүзіп өттім, содан соң оны жоғалтып алдым. Тереңге сүңги бастадым. Мен оны бастапқыда көрген жоқпын, содан кейін оның қолынан ұстап алдым. Жағалауда жүрегіне массаж жасадым, – дейді полиция қызметкері Тимур.

Тимур Қалиев полицияда 20 жылдан астам уақыттан бері қызмет етіп келеді. Ол бала кезінен жақсы жүзеді және оның айтуынша, бұған дейін де суда бата жаздаған адамға көмектескен. Бұл жағдай мектепте оқыған кезінде болған.

Тимур бұл батыл әрекетін ерлік деп санамайды. Алайда, оның жұбайы Дәрия күйеуін мақтан етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz