Ұлттық ұлан академиясының спортшылары жеңімпаз атанды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында үздік гір көтерушілер анықталды, деп хабарлайды QYzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлда погон таққан 38 спортшы гір көтеру спортынан өз араларында мықтыны анықтады. Қатысушылар 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Олар спортшының дайындығына байланысты салмағы 24 келі немесе 32 келі болатын екі гірді итеріп, бір қолымен көтерді.

ҚР Ұлттық ұланы академиясының курсанттары жақсы нәтижеге қол жеткізді. Дияр Бұрымбаев, Құрмет Ахметов және Алмас Исеновтер 60, 70 және 80 келіге дейінгі санаттарда үздік атанды. СҚО ПД аппаратының қызметкері Руслан Мукеев 90 келіден жоғары санаттағы ауыр салмақ дәрежесінде 1-орынға ие болды. Командалық есепте спартакиаданың бесінші түрінің чемпионы болып, Ұлттық ұлан академиясы атанды, екінші орынды – СҚО полиция департаменті иеленді, мамандандырылған күзет қызметі басқармасы үздік үштікті қорытындылады. Жүлдегер командаларға кубоктар мен грамоталар табыс етілді. Өз салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздарға “Динамо” логотипі бар спорттық форма тарту етілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz