Мұрат Жүребеков ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Мұрат Өтемісұлы Жүребеков ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін (1999), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (2001), Strathclyde университетін (Глазго, Шотландия, 2003), Гарвард бизнес мектебін (Бостон, АҚШ, 2013), Қазақстан-Британ техникалық университетін (2019) бітірген.

Әр жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, Лондондағы «Аджип ККО», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «PSA» ЖШС-да жауапты қызметтер атқарды.

2019 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі болып қызмет етті, кейін энергетика бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Ақтөбе қаласының әкімі болып қызмет атқарды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz