Сот отырысына журналистерді қатыстырмады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мамырдың 30-ы күні Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьялары «Adal sot» Telegram-каналының журналисі Зинаида Проценко мен блогер Арман Ақылбековті М.Нистолийдің блогер Николай Николаенкоға қарасты апелляциялық шағымын қарау кезінде ашық сот отырысына тыңдаушы ретінде қатысуға рұқсат бермеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сот ісі онлайн және оффлайн форматта өтті. Журналист Зинаида Проценко басқа қалада болғандықтан, ол бұл процеске Zoom бағдарламасы арқылы қосылғысы келді. Алайда оған рұқсат берілмеді.

Маусымның 14-і күні сот алқасының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданғаннан кейін сот төрағасы Ербол Жанғазин осы факт бойынша жедел кеңес өткізілгенін және облыстық соттың судьяларымен және аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін, оның барысында барлық сот сатыларында істерді ашық сот талқылауы туралы заң талаптарының сақталуына қатаң көрсетілгенін хабарлады.

– Облыс соттарына БАҚ өкілдерінің және басқа да адамдардың ашық сот отырыстарына кіруін шектеуге жол бермеу туралы хат жолданды. Сот ісін жүргізудің жариялылығы мен ашықтығы демократиялық қоғамдағы сот төрелігінің негізгі қағидаттары, — деп атап өтті облыстық соттың төрағасы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz