СҚО-дағы ауыл мектептерінің 41 оқушысы республикалық олимпиадада бақтарын сынайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Маусымның 18-і мен 22-сі күндері аралығында Астана қаласында «IQanat-2023» республикалық олимпиадасының ақтық сыны өтеді. Оған еліміздің облыстарынан 824 бала қатысады, оның 41-і – солтүстікқазақстандық өрендер, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Республикалық олимпиада 8-ші сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып отыр. Өңір намысын өңірімізден 41 ауыл оқушысы қорғайды. Ауқымды офлайн олимпиаданы «IQanat» қоғамдық қоры ауыл балаларына сапалы білімге жол ашу мақсатында өткізуде. Соңғы 5 жылда білім бәйгесіне 160 мыңнан астам ауыл мектебінің тәрбиеленушісі қатысты.

Республикалық слёт аясында соңғы іріктеу кезеңі өтіп, 120 жеңімпаз «Iqanat» мектебіне тегін оқуға шақыру алады, ал қалған қатысушылар олимпиададан кейінгі білім беру бағдарламаларымен қамтылатын болады.

«Iqanat» олимпиадасы және қордың басқа да бағдарламалары мыңдаған ауыл балаларына ең жоғары технологиямен қамтамасыз етілген мектептердің бірі – «IQanat High School of Burabay» мектебіне түсіп білім алуға, үздік жоғары оқу орындарына түсуіне мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz