Шығыс Қазақстан облысында тағы бір өрт сөндірілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Маусымның 19-ы күні Шығыс Қазақстан облысында тағы бір өрт сөндірілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Риддер қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында 19 маусым күні сағат 14:00-де 6 гектар аумақтағы өрт жойылды.

Бүгін сағат 12:00-де Катонқарағай ұлттық саябағында өрт сөндірілді деген хабар тарады. Өрт аумағы 15 гектар болған.

«Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік табиғи қоры аумағында өрт маусымның 17-сі шықты. Өрт Риддерден 80 шақырым жердегі таулы орман алқабында болған. Облыс әкімі, оның орынбасарлары, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы өртпен күресті әуеден бақылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz