СҚО-да ең үлкен жылыжай салынуда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында жылына 3 мың тонна көкөніс беретін жылыжай құрылысы жүріп жатыр. Заманауи технологиямен жабдықталған нысан жаздың соңында пайдалануға беріліп, 65 адамды жұмыспен қамтымақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, нысан құрылысы Петропавлда жүріп жатыр. 3,7 га аумақта жылына 1300 тонадан астам қияр, 1500 тонна шамасында қызанақ және 170 тонна салат өсірілмек. Нысанды іске қосуға 7,2 млрд. теңге жұмсалады.

— Заманауи жылыжай климатты басқарудың автоматты жүйесімен жабдықталады, тамшылатып суару әдісі қолданылады. Қыста да көкөністерді өсіру үшін қосымша жарықтандырылып, жылытылады. Голландиялық гидропоникалық жүйе жыл бойына сапалы өнімді өсіруге мүмкіндік бермек.

Жылыжайда орташа температура +23,+24 градус болады, бұл жыл бойы сапалы өнім алу үшін жеткілікті. Әзірге, өңірдегі ең үлкен жылыжай, — дейді «Зеленый Север» ЖШС директоры Екатерина Асаёнок.

Нысан қазіргі уақытта 80% дайын, терезелері салынып, коммуникация жүйесі тартылып жатыр. Мұнда 60 мың текше метр құнарлы топырақ жеткізілді.

Мамандардың айтуынша, жылыжай тамыз айының соңында пайдалануға беріледі. Нысанда жаңадан 65 жұмыс орны ашылмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz