Бүгіндері облыста 7183 азаматтық қару иесі тіркелген. Полицейлер оны ұрлап кету және қолданып қылмыс жасаудың қаупін азайту мақсатында «Қару иесі» акциясын өткізуде. Оған криминалдық, әкімшілік, жергілікті полиция қызметі мен басқа да бөліністердің мамандары қатысып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Акция маусымның 7-сі басталды. Бүгінге дейін 1313 қару иесі тексеріліп, 58 құқық бұзушылық анықталды, оның 47-сі қаруды сақтау ережелерінің бұзушылықтары, қарудың басқа иелері қаруды қайта тіркеу мерзімдерін өткізіп алған.
– Азаматтық қару мен оған арналған оқ-дәрілер еденге немесе қабырғаға бекітілген қалыңдығы 3 мм. кем емес сейфтерде сақталуы тиіс. Көбінесе қару иелері сейфтерде қаруға еш қатысы жоқ ақша, бағалы бұйымдар мен басқа да заттарды сақтайды. Бұлай істеуге тыйым салынған, — дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.
Акция барысында екі петропавлдық полицияға тіркелмеген қаруды әкеліп тапсырды. Біреуі орманда тауып алған 12-ші калибрлі «ТОЗ» тегіс ұңғылы мылтығын, екіншісін қала тұрғынының бірі үйінің жанында травматикалық тапанша жатқанын айтып хабарласқан. Заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсырғандықтан, олардың екеуі де жауапкершіліктен босатылды.