Бес сотталған келіншекке сертификаттар табысталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту шеңберінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалы алғаш рет №50 түзету мекемесінде сотталған қыз-келіншектрге арналған «Ұн және кондитерлік өнімдер өндірісі» аспаздық шеберлік курсын ұйымдастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Курс шеңберінде 5 сотталған аспаз-кондитер Динара Тамышеваның басшылығымен бәліштің үш түрін дайындау, ас үй ыдыстарымен және жабдықтармен кәсіби жұмыс істеуді үйренді.

– Мен тағам дайындау ісін үйренгім келеді. Динара бізге тамаша консистенциясы бар қамырды дайындаудың құпияларын көрсетті, сонымен қатар басқа да пайдалы кеңестермен бөлісті. Біздің әрқайсымыздың отбасымыз бар, бостандыққа шыққаннан кейін біз оларды дәмді кондитерлік өнімдермен қуантуға тырысамыз, тіпті кондитерлік дүкен ашамыз деп жоспарлап отырмыз, – деді сотталғандардың бірі.

Курс аяқталғаннан кейін сотталғандарға сертификаттар табысталды. Бұл құжат оларға аспаз кәсібі бойынша жұмысқа орналасуға немесе боастандыққа шыққанда жеке кәсіп ашуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz