Петропавлда қалалық қоғамдық көліктерде жол жүру тарифі өседі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жолақысының қымбаттауы туралы жоба ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланды. Оған сәйкес, QR-код, банк және арнайы карта-лар арқылы төлемнің құны ересек қала тұрғыны үшін 100 теңгені, 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін 50 теңгені құрайды. Егер төлем қолма-қол болса, оның бағасы 170 және 85 теңгеге бағаланады.
— Петропавл қаласы әкімдігінің осы қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, — делінген жо-бада.
Жолақысына қатысты қаулы жобасы жұртшылықтың талықылауында 1 шіл-деге дейін болады.