Жылу-электр орталығын жөндеуге қосымша 6 млрд. теңге бөлінді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы № 2 жылу-электр орталығындағы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Биыл бұл мақсатқа 12 млрд. теңге қарастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Севказэнерго» АҚ-ның акционерлерімен №2 ЖЭО-де жөндеу жүргізуге бағытталған қаражатты 6 млрд. теңгеден 12 млрд .теңгеге дейін ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл қаражатқа ЖЭО-2-ның 11 қазандығы мен 7 турбина, жылу және электр желілері жөнделеді. Сондай-ақ, жаңа түтін құбыры салынады.

— Бүгіндері құбырдың құрылысы басталды. Барлық жұмыстар бақыланып, кестеге сәйкес орындалып жатыр, — деді Айдарбек Сапаров орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Өңір басшысының мәлімдеуінше, жаңа түтін құбыры құрылысын күзге дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz