СҚО-да өлім-жітім 16 пайызға төмендеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының медициналық мекемелерін құрал-жабдықтармен жабдықтауға 5,5 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы облыс басшысы Айдарбек Сапаров мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың жыл сайынғы ұлғаюы арқасында диагностика деңгейі мен медициналық қызмет көрсету сапасы жақсарды. Жалпы, өлім-жітім деңгейі 16%-ға азайды. Оның ішінде қан айналымы жүйесі ауруларынан 12%-ға, инсульттерден 24%-ға, туберкулездің таралуынан 5%-ға төмендеді. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру биыл 56%-ға ұлғайып, жалпы сомасы 17 миллиард теңгеге жетті», — дейді Айдарбек Сапаров.

СҚО әкімінің айтуынша, «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірде 46 медициналық нысан салу жоспарланған. Бұл — фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттер. Өңірді дамытудың кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде күзде қаланың жаңа шағын аудандарында ауысымына 250 адам қабылдайтын 2 емхана ашылады. Уәлиханов ауданының әкімшілік орталығы – Кішкенекөл ауылында 250 адам қабылдайтын емхананың құрылысы басталды.

Сондай-ақ, өңір әкімі медициналық мекемелерді құрал-жабдықтармен жабдықтауға 5,5 миллиард теңге бөлінгенін айтты. Санитарлық автокөлік паркі жаңартылып, жыл басында аудандық ауруханаларға 14 санитарлық көлік берілді. Тағы 18 көлік сатып алу жоспарланып отыр.

— Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін көтермеақы мөлшері ұлғайтылды. Анестезиолог-реаниматологтер, акушер-гинекологтер, онкологтер сияқты аса сұранысқа ие мамандықтардың дәрігерлері 5 миллион теңге мөлшерінде біржолғы төлем алады, — дейді А. Сапаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz