Облыстың 11 мыңнан астам тұрғыны жұмыспен қамтылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста биылғы бес айдың ішінде 7 900 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Өңірде жұмыспен қамтуға және халықтың табысын арттыруға көп көңіл бөлінеді. Биыл бес айда 11 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде 7 900 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды. Жыл соңына дейін 24 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастырамыз. Жыл қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендейді деген болжам бар,- деді СҚО әкімі Айдарбек Сапаров орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, облыста мәдениет пен спортты дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

— Алдағы мақсаттарға жету үшін біз қала және ауылдық жерлерде мәдениет және спорт инфрақұрылымдарын дамытып жатырмыз. Еліміздің барлық өңірлері сияқты, Солтүстік Қазақстанда да көрнекті тұлғалардың «алтын қоры» бар. Биыл 25 маусымда қазақтың ақыны, бес арыстың бірі, Алаш қайраткері, жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толады. Сіздерді осы мерейтойдың құрметті қонағы болуға шақырамыз. Облыста ақын мерейтойына орай бірқатар іс-шара өтеді. Аталған іс-шаралар ұлы жерлесіміздің баға жетпес мұрасын сақтауға, насихаттауға және өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге ықпал етеді, — дейді өңір басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz