Шетелдік автокөліктерді заңдастырып үлгеру үшін арнайы ХҚКО-лар күшейтілген режімге көшті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО-лар мен әкімшілік полиция басқармаларының процессингтік орталықтары күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, енді олар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 20.30-ға дейін, сенбі күні сағат 09.00-ден 19.30-ға дейін күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл шара 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастырып үлгеру үшін қабылданған.

Ведомство заңдастыру 1 шілдеге дейін жүретінін еске салды.

— 1 шілдеден бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. Алайда 1 шілдеге дейін өтінім беріп үлгерген азаматтардың автокөліктері талаптарға сай келетін болса, көрсетілген мерзімнен кейін заңдастыру құқығы беріледі, — дейді ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген және бұрын тіркелген елінен есептен шығарылмауы себебінен заңдастыру мүмкін болмайтын автокөліктерді мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылданды.

Мұндай автокөліктер көрсетілген мерзім өткеннен кейін кері әкету туралы міндеттемемен 5 жыл мерзімге уақытша есепке алу немесе бұрынғы тіркеу орны бойынша автокөлікті есептен шығарған жағдайда заңдастыру шарттарымен тіркеледі.

Уақытша есепке қою кезінде көлік құралын тіркеу туралы куәлік және Қазақстан Республикасының мемлекеттік нөмірлік белгілері беріледі (мемлекеттік нөмірлік белгілер үшін мемлекеттік баж – 9 660 теңге, КҚТК – 4 313 теңге, әдеттегі тіркеу үшін алым – 863 теңге). Тіркеу туралы куәлікте иеліктен шығару және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу құқығынсыз уақытша есепке алу көрсетіледі.

Шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлік белгілері «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына сақтауға тапсырылады. Егер Қазақстан азаматтары оларды елден тыс жерлерге әкету туралы шешім қабылдаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының КҚТК және МТНБ тапсыруы тиіс, содан кейін оларға тіркеу құжаттары мен шет мемлекеттің МТНБ қайтарылады.

— Сондай-ақ міндетті автосақтандыру және жол қозғалысы саласындағы заңнаманың соңғы өзгерістеріне сәйкес, Қазақстан азаматтары 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін әкелінген шетелдік автокөліктерге міндетті автосақтандыру полисін ресімдей алмайтынын, сондай-ақ 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген және заңдастырудан өтпеген шетелдік есепке алынған көлік құралдарына қолданыстағы автосақтандыру полисін ұзарта алмайтынын хабарлаймыз, – делінген ресми хабарламада.

Сондай ІІМ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, міндетті автосақтандыру полисінсіз автокөлікті жүргізгені үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын еске салды.

Мұндай жағдайларда полиция қызметкерлері автокөліктерді ұстап, оларды арнайы тұрақтарға жеткізуге құқылы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz