СҚО әкімі жақын туыстарының табысты кәсібіне қатысты түсінік берді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Айдарбек Сапаровқа жақын ағайындарының табысты кәсіппен айналысуына қатысты сұрақ қойылды. Өңір басшысы бұл сауалға жауап берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Баспасөз мәслихатында журналистердің бірі облыс әкіміне: «Сіздің жақын туыстарыңыз өңірде агробизнеспен өте табысты айналысып отыр. Облыс басшысы ағасы болғанда істің табысты болары анық. Сіз бұл жағдайды мүдделер ықпалдастығы деп есептемейсіз бе?» деген сұрақ жолдады.

— Біріншіден, менің облыс әкімі болып тағайындалғаныма бір жыл да болған жоқ. Ал, менің ағам егіншілікпен 1995 жылдан бастап айналысып келеді. Ол – агроном ғалым, Омбы ауылшаруашылығы институтын бітірген. Ауыл шаруашылығы саласын жақсы біледі, сондықтан қолға алған. Бұл жерде ешқандай мәселе жоқ. Барлығы заң аясында, — деп жауап берді Айдарбек Сапаров.

Сондай-ақ, өңір басшысы «ағасының бизнесіне бөлінген субсидияны» Бас прокуратураның тексергенін айтты.

— Субсидия алған» деген жалған ақпараттар болды, оны Бас прокуратура тексерді. Қолданыстағы заң аясында ол субсидия ала алады. Менің облыс басшысы болғаным, керісінше оның жұмыс істеуіне қиындық тигізеді. Өйткені, біз қазір әлеуметтік салаға аса мән беріп жатырмыз. Оның қаншама тұрғын үй, медициналық пунктілер мен демалыс орталықтарын салғанын өз көзіңізбен көрсеңіз болады. Ол басқаларға үлгі болуы тиіс, — дейді СҚО әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz